- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Қазақстандық қамтуды дамыту бойынша бағдарлама қайта қаралады - ҚР ИЖТМ
2014 жылы Қазақстандық қамтуды дамыту бойынша бағдарлама қайта қаралады - ҚР ИЖТМ
«Елбасының халыққа Жолдауы аясында жаңа жылда біз отандық өндірушілерге қолдау көрсету саясатын бастан-аяқ қайта қарап шығамыз. Интеграциялық процестерді есепке ала отырып, біз Экономикалық кеңістікке және Дүниежүзілік сауда ұйымына шыға аламыз. Ескі бағдарламаны жасақтағанда біз болатынбыз, ол отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету аясында жасақталған. Алайда, біз оны халықаралық талаптарды ескере отырып қайта қарауымыз керек. Осы жылы біз оны толығымен қайта қарап шығып, Үкіметке қаулы мен нормативті актілер түрінде ұсынамыз», - деді С. Камели.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық қамту туралы бағдарлама 2010 жылы бекітілген.
«Елбасы мұнай мен таукен саласына ірі инвестиция тарту қажеттілігі туралы айтқан болатын. Осы сұрақ бойынша шетелдік компаниялармен отандық тауар өндірушілерді тарту бойынша келіссөз жүргізбекшіміз. Жалпы, бұл дегеніңіз ортақ сатып алудың 32%», - деп департамент директоры өз ойын толықтырды.
Оның айтуынша, жаңа заңнама бірлескен зауыттарды ашуға және Қазақстан аумағында жоғары технологиялы өндірістің дамуына мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, ілкімді жобалар жаңа техниканы тартып, отандық мамандарды мұнай және таукен кешені жобалары аясында оқытуға жағдай жасайды.
«Біз техникалық мамандарды оқытатын боламыз, жалпы ол жобамен тікелей байланысты болады. Әр жобаға жекеше қарап, онда қандай мамандар керек екенін анықтап, арнайы база жасақтап, өз мамандарымызды қай университетте оқытатынымызды белгілеп аламыз. Болжам бойынша, жобаларды жүзеге асыру мақсатында 2 мыңнан 5 дейін ірі маман жұмысқа тартылады», - деп Серік Камели хабарлады.
Қазақстандық қамту бағдарламасы басталғалы, отандық тауар өндірушілермен 100 млрд. долларға келісім жасалды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді