- Басты
- Жаңалықтар
- ТЖМ мен ҚР ҰКП ШОБ өкілдерінің құқығын қорғау үшін ортақ өлшем жасақтауда - Д.Бапы
ТЖМ мен ҚР ҰКП ШОБ өкілдерінің құқығын қорғау үшін ортақ өлшем жасақтауда - Д.Бапы
«Біз ТЖМ мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы Меморандумды түзуді бастадық. Онда орта және шағын бизнес өкілдерінің құқығын қорғау бойынша ортақ өлшемдер көрсетіледі. Себебі, Елбасының халыққа Жолдауында ЖІӨ-дегі ШОБ-тің үлесін 2050 жылға қарай 50%-ға жеткізу керек деп тапсырма берді», - деді Д. Бапы.
Сонымен қатар, ол, бұл игі бастама Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының аясында жасалуда деп атап өтті.
«ТЖМ Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің ұжымы Жолдауды зерттеп шықты. Қазіргі таңда Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды біздің жоспарымызға енгізетін жұмыс тобы құрылып, олар өз жұмыстарын бастапта кетті. Атап айтатын болсақ, шағын және орта бизнес пен өндіруші кәсіпорындар саласы бойынша», - деп ол ағынан жарылды.
Айта кетерлік жайт, министрлік рұқсат беретін құжаттардың санын қысқарту бойынша істер атқарып жатыр. Сонымен, өрт қауіпсіздігі бойынша рұқсатнама беру 9 есе, өндірістік қауіпсіздік бойынша 10 есе қысқартылса, лицензияның 23 түрі алынып тасталды.
Сондай-ақ, өрт және өндірістік қауіпсіздік желісі бойынша тексеру мен азаматтық қорғаныс бойынша жоспарланған шараларды жүзеге асыру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілуде.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер