- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады
Денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, медициналық қызметкерлер мен науқастармен әңгімелесу барысында министр ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында алға қойылған тапсырмаларды орындау бойынша денсаулық сақтау жүйесінің болашақтағы жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Жолдауда денсаулық сақтау саласының дамуындағы басты көрсеткіш алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің жетілуі екені айтылған. Әр АМСК ұйымын аралауда еліміздің Бас дәрігері тіркеу жұмысымен танысып, емханадағы кезек мәселесін шешуге баса назар аударды.
Жекелеген профилактикалардың, халыққа әлеуметтік психологиялық көмек пен салауатты өмір салты мектебінің жұмысымен танысу барысында Салидат Қайырбекова салауатты өмір сүру салты мен дұрыс тамақтану тәртібін халық арасында кеңінен насихаттау қажеттігін айтты. Бұл үшін телефон, ғаламтор, БАҚ секілді құралдарды пайдалануға жол ашық екенін жеткізді. Сонымен қатар, министр еріктілер жұмысына да тоқтала кетті. Жолдауда Мемлекет басшысы спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тұрақты алдын ала тексерулер денсаулықтың басты кепілі екенін айтқан еді.
Айта кетейік, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу медициналық қызмет қолжетімділігін арттырып, соның ішінде ауыл халқына пайдасын тигізді. БҰДЖ аясында ауылдық денсаулық сақтауды қаржыландыру алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің нәтижелі болуы үшін медициналық қызметкерлерге жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында Бас дәрігер ана мен нәресте өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруынан көз жұму оқиғаларының азаюын бақылаудың төмендігін де тілге тиек етті.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді