- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, облыс кәсіпкерлерімен кездесті
ҚР Президенті Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, облыс кәсіпкерлерімен кездесті
Ақордада хабарлағандай, облыс кәсіпкерлерімен кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның аясында бүгінде 800 кәсіпорын іске қосылғанын, 700 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, 150 мың адам жұмыспен қамтылғанын айтты.
Қазақстан Президенті биылғы Жолдауда шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне айрықша назар аударғанын еске салды.
«Бұл біз үшін негізгі мәселе, ол елді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Дамыған елдер бюджеттерінің 80 пайызы шағын және орта бизнестің есебінен толығады. Ал Қазақстанда 300 ірі кәсіпорын бюджет түсімдерінің 80-90 пайызын береді. Бұл дегеніміз шағын және орта кәсіпкерлік тиісінше дамымай жатқанын білдіреді. Мұның неліктен бұлай болып отырғанының себептерін сіздермен бірге талқылағым келді», - деді Мемлекет басшысы.
Кездесу барысында сондай-ақ Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді.
Атырау мұнай өңдеу зауыты – Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорнының бірі. Мұнда жұмыспен қамтылғандардың саны 2,5 мыңнан асады. Кәсіпорында мұнай өнімдерінің 21 түрі шығарылады, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 4,17 миллион тонна көлемінде мұнай өңделген.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері