• Басты
  • 586 мыңға жуық қазақстандық жалпы сомасы 19 миллиардтан астам теңгеге АӘК алды
21 Мамыр, 2020 10:01

586 мыңға жуық қазақстандық жалпы сомасы 19 миллиардтан астам теңгеге АӘК алды

Қазақстанда ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында 113 мың отбасыдан 586 мыңға жуық адамға жалпы сомасы 19,6 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және төленді, деп хабарлады Strategy2050.kz министрлікке сілтеме жасай отырып.

586 мыңға жуық қазақстандық жалпы сомасы 19 миллиардтан астам теңгеге АӘК алды

586 мың адамның 561 мыңы ТЖ кезінде мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, II тоқсанда АӘК-ті автоматты түрде алды, 25 мың адам АӘК алу үшін алғаш рет жүгінді.

Жәрдемақы ең алдымен құрамы, тұрғылықты мекенжайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалды. Ол үшін ақпараттық жүйелерден алушылардың деректерін тексеру жүзеге асырылды, атап айтқанда, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі, жылжымайтын мүлкінің, көлігінің болуы, кірістері және басқасы тексерілді. Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта және мессенджерлер арқылы жіберілді.

АӘК көрсетудің жаңа тетіктері шеңберінде табысы аз отбасылардағы балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінетінін, оларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама енгізілгенін атап өтеміз.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама жас санаттары бойынша 2 түрге бөлінеді: 1-ден 6 жасқа дейінгі және 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы қарастырылған. Азық-түлік жиынтығына түрлі жармалар, пюре, шырындар, сүт және т. б. кіреді. Тұрмыстық химия жинағы тіс пастасын, балаға арналған щетканы, кір жуатын ұнтақты, шаруашылық және иіс сабынды және т.б. қамтиды, ол тоқсанына 1 рет ұсынылады.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектепте тегін тамақ беріледі, қоғамдық көлікте оқу орнына дейін жеңілдікпен жол жүреді, мектеп формасымен және мектеп керек-жарақтарымен жылына 1 рет қамтамасыз етіледі.

 
 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды