• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2013 жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қолдауымен 70-ке жуық инвестжоба жүзеге асты

ҚР-да 2013 жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қолдауымен 70-ке жуық инвестжоба жүзеге асты

6 Ақпан, 2014 15:25
2013 жылы «ҚазАгро» компаниялар тобымен 33,6 млрд.теңгені құрайтын 68 инвестициялық жоба пайдалануға берілді.

« Іске қосылған жобалар бойынша аймақтық көшбасшылар Солтүстік Қазақстан облысы /11 жоба/ және Оңтүстік Қазақстан облысы /10 жоба/ болып табылады. Бүгінгі күні холдинг қарастыруында 29 млрд.теңгені құрайтын 42 өтінім бар. 2014 жылы сонымен қатар, 75 инвестициялық жоба пайдалануға беріледі деп жоспарлануда», - деп «ҚазАгро» ұлттық холдингінде хабарлады.

ҚазАгро» Ұлттық холдингінің инвестициялық портфеліне 237,5 млрд.теңгені құрайтын 346 жоба кіреді. Бүгінгі таңда  қаржыландырылған қарызгерлер саны - 22 мың.

Ағымдағы жылы холдинг АӨК дамуына потенциалы бар аудандық маңызы бар қалаларда инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша жұмысты жалғастыруды көздеп отыр.

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.

 

 

Барлық жаңалықтар