ҚР-ның таулы-атқыштар бригадасы командалық штабтық оқу-жаттығуды бастады

6 Ақпан, 2014 15:01
Таулы-атқыштар бригадасында марш жасаумен командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды.

Командалық-штабтық оқу-жаттығудың басты мақсаты командирлердің шешім қабылдау және бөлімшелерді басқару бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіру болып табылады. Оқу-жаттығу барысында командирлердің өзара іс-қимыл жасау тетігі пысықталып, жетілдіріледі.

«Оқу-жаттығуды өткізудің нәтижесі бойынша жоғары тұрған штаб  бригада басқармасы мен штабтардың жұмысына баға беріп, бөлім қолбасшылығының даярлық деңгейін айқындайтын болады.Командалық-штабтық оқу-жаттығу алғашқы кезеңінің қорытындыларының өзі таулы атқыштар бригадасы қолбасшылығы мен әскери қызметшілерінің кәсіби жоғары деңгейін көрсетті», - деп хабарлады Қорғаныс  министрлігінде.

Жауынгерлік дабыл белгісі бойынша бригаданың бүкіл жеке құрамы жиын орнына уақтылы жетіп, хабардар ету мен орындаудың нақты пысықталған жүйесін көрсетті.

Айта кетейік, таулы-атқыштар бригадасы Қазақстан Қарулы Күштері сапындағы ерекше бөлім. Ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік сайыс көшбасшысы болып табылады.

Дәл осы бригадада басқа үш әскери бөлімнің қатарында жаңа оқу бағдарламасын тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуге лайық деп танылды.

 

 

Барлық жаңалықтар