- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев Байқоңыр қаласының мектептерін ҚР стандарттарына көшіруді жылдамдатуды тапсырды
Б. Сағынтаев Байқоңыр қаласының мектептерін ҚР стандарттарына көшіруді жылдамдатуды тапсырды
6 Ақпан, 2014 14:10
Бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б. Сағынтаев Байқоңыр қаласының мектептерін ҚР стандарттарына көшіруді жылдамдатуды тапсырды.
«Бүгінде қаладағы қазақ тілінде оқытатын 6 мектепке ҚР білім стандарттарын енгізу бойынша жоба-келісімі жасалды. Осыған байланысты ҚР БҒМ мемлекеттік органдармен бірлесе келісімге қол қою мәселесін тез арада шешу керек. Бізге 2014 жылы бұл мәселені шешуді тапсырған. Алайда біз жыл соңына дейін күтпейміз», - деп Б. Сағынтаев кесіп айтты.
Сонымен қатар, ол Байқоңыр қаласындағы медицина саласын дамытуды қозғады.
«Қазіргі таңда Байқоңырда Қазақстанның республикалық бюджет қаржысына перзентхана соғылып, ол үш жыл бойы қаңырап тұр. Біз жергілікті тұрғындарға толығымен медициналық қызмет көрсету үшін перзентхананы көп салалы медициналық мекемеге ауыстыра аламыз», - деп Б. Сағынтаев атап өтті.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты