- Басты
- Жаңалықтар
- ҚДБ бизнесті несиелеуді ынталандыру үшін коммерциялық банктерге 27 млрд. теңге бөлді
ҚДБ бизнесті несиелеуді ынталандыру үшін коммерциялық банктерге 27 млрд. теңге бөлді
«Бағдарламаға 3 коммерциялық банк – «ЦентрКредит Банкі» АҚ, «Альфа Банк» АҚ және «Цеснабанк» АҚ қатысып, олармен алғашқы келісімшарт жасалды. Қазіргі сәтте бағдарламаға тағы бірнеше банктерді қатыстыру мүмкіндігі қарастырылуда», - деп Қазақстан даму банкінде хабарлады.
Инвестициялық жобараларды, экспорттық операцияларды жүзеге асыру және айналымдық капиталды толтыру үшін нақты сектор кәсіпорындары қаржыландыруға қол жеткізбек.
Екінші дәрежелі банктердің дамыған филиалдық желісін ескере отырып, Бағдарлама бизнестің жеке субъектілерін барынша қамтуға мүмкіндік береді. Коммерциялық банктер ҚДБ алынатын несиелік қаражатты әлеуметтік-экономикалық әсерге ие экономиканың басым секторларындағы, атап айтқанда, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталмақ.
Айта кетейік, бағдарламаның мәні ҚДБ-нің коммерциялық банктерге қаржыландыру ұсынуы арқылы бизнеске салыстырмалы «ұзақ» және «арзан» ақша беруінде. ҚДБ өзінің ерекше мәртебесінің арқасында банктердің арасында ең жоғары кредит рейтингтеріне ие, бұл сыртқы және ішкі қарызды аса ұтымды талаптарда тартуға мүмкіндік береді. Бұдан былай ҚДБ коммерциялық банктерді жылдық 7,9 % несиелендіреді.
Ал банктер болса, өз кезегінде, жеке сектор жобаларын қаржыландырады. Бұл ретте Қазақстанның Даму Банкі ЕДБ-ға бизнес үшін сыйақы мөлшерлемесі бойынша жылдық 11,5% деңгейінде шектеулер белгіледі (мұндай кредиттер бойынша орташа мерзімді мөлшерлеме – 13%).
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді