- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы ИЖТМ жылына 60 мың автомобильді өндіру межесін бағындыруды көздеуде - Ә.Исекешев
2014 жылы ИЖТМ жылына 60 мың автомобильді өндіру межесін бағындыруды көздеуде - Ә.Исекешев
«Барлық салалық бағдарлама бойынша министрлік жүйелі жұмыс атқарды. Қазіргі таңда энергияны үнемдеу бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда, геология және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау жүріп жатса, 10 заң жобасы жасақталды. Қазақстанның таукенөндірісі 3,1%-ға, өңдеу саласы 1,6%-ға өсті. Ал, Ресейде өңдеу өнеркәсібі 0,1%-ға өссе, Беларусияда керісінше 0,8%-ға төмендеді», - деді Әсет Исекешев.
Оның айтуынша, жақсы көрсеткішге индустрияландырудың негізгі бағыттары машинақұрылысы мен химия және фармацевтика салаларының өсімінің арқасында қол жеткізілді.
«Машинақұрылысы өсу динамикасы бойынша салалардың ішінде көш бастап келеді. Ол жоспарды 112%-ға орындады немесе өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асып жығылды. Жеңіл көліктердің өндірісі екі есе артты, ал автобус өндірісі төрт есе өсті. Биылғы жылы да машина құрылыс саласына көбірек көңіл бөлінетін болады. Ағымдағы жылы көлік өндірісі бойынша жылына 60 мың машина өндіру межесін бағындырмақшымыз. Барлығымызға белгілі болғандай, осы жылы «Тойота» компаниясының жобасы аясында бірінші жол талғамайтын көлік шығарылады», - деп министр өз ойын толықтырды.
Бұдан басқа көлік өндірісі бойынша интеграциялық процестерді есепке ала отырып «Қимыл жол картасы» жасалды.
Жалпы, ведомствоның ақпараты бойынша, машина құрылысы саласының өсімі 114,6% құрап, өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асып жығылды. Жеңіл көліктер 38 мыңға жуық (өсім 2 есе), автобустардың 922 данасы (өсім 4,5 есе) шығарылды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді