• Басты
  • Жаңалықтар
  • АӨК қаржылық сауықтыруы бойынша «ҚазАгро» қаржылық институттардан түскен 33 өтінімді мақұлдады

АӨК қаржылық сауықтыруы бойынша «ҚазАгро» қаржылық институттардан түскен 33 өтінімді мақұлдады

6 Ақпан, 2014 10:51
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында «ҚазАгро» Ұлттық холдингіне қаржылық институттардан 18,4 млрд.теңгені құрайтын 33 өтінім мақұлданды.

«Бірқатар шараларды, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылық сауықтыруды қамтитын «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында «ҚазАгро» Ұлттық холдингіне қаржылық институттардан 53 өтінім келіп түсті, соның ішінде бүгінгі күні 18,4 млрд.теңгені құрайтын 33 өтінім мақұлданды», - деп «ҚазАгро» Ұлттық холдингінде хабарлады.

Бүгінгі күні тағы 6,6 млрд.теңгені құрайтын 12 өтінім қарастырылу үстінде.

Екінші деңгейлі банктерді қорландыру аясында «ҚазАгро» Холдингімен 36,5 млрд.теңгеге 5 қаржылық институттардың өтінімдері мақұлданды.

Сонымен қатар, қолдаудың жаңа құралын қолдана отырып – техника мен жабдық лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, холдинг 18 млрд.теңге сомасына 1,2 мың  қарызгерлерді қаржыландырды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар