- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға қарай Инновациялық технологиялар паркінде шамамен 1000 компания ашылады – ҚР ИЖТМ
2020 жылға қарай Инновациялық технологиялар паркінде шамамен 1000 компания ашылады – ҚР ИЖТМ
«2020 жылға қарай Инновациялық технологиялар паркіне шамамен 1000 компанияны тіркеу жоспарланып отыр, аталмыш парк аумағында жұмыс істейтін адамдардың жалпы саны 5 мыңды құрамақ», - дейді Т.Омарбеков.
Естеріңізге сала кетейік, «Инновациялық технологиялар паркі» жобасы Президенттің тапсырмасымен 2003 жылдың тамыз айында құрылған, қазірде ол арнайы экономикалық аймақ тәртібімен жұмыс істеуде.
«Алдын ала болжам бойынша, аталмыш кластерге «Инновациялық технологиялар паркі» тек арнайы экономикалық аймақ ретінде кірмей, қазір біз Алматыдағы сыртқы университеттермен бірге жұмыс істеу мәселесін де қарап жатырмыз. Біздің жоспарымызша, кластер инновацияны дамытып, паркте осындай экожүйені құруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда паркте инновациялық бағыттағы 150 компания тіркелген. Біз енді парктің екінші кезегін құрып, ондағы 140 гектарға ғылыми-зерттеу институттарын салып, студенттер оқытуды қолға аламыз. Осы орайда Назарбаев Университетімен белсенді әріптестік құрамыз», - дейді Т.Омарбеков.
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Жолдауында инновацияны дамытуға нақты тапсырмалар берілген еді.
Айта кету керек, бүгінде жаңа технологиялар мен энергоқор департаменті тарапынан Инновациялық технологтиялар паркі бойынша жаңа заң жобасы дайындалуда. Сонымен қатар, қазіргі кезде департамент индустриялды-инновациялық қызмет, соның ішінде инновациялық дамуға мемлекеттік қолдау туралы заңды өзгерту туралы ұсыныс дайындауда.
Департамент директорының айтуынша, инновацияны дамыту механизмінің жаңа құралы инновациялық дамуға серпін бермек.
«Инновациялық технологиялар паркі бойынша біздің ұсынысымыз – Назарбаев Университетінің баламасы ретінде коммерциялық емес ұйымның жаңа түрі болатын автономды кластерлік қор құру. Басқару және шаруашылық шешімдерінің қабылдануына мүмкіндік беретін жекелеген механизмдер дайындалады», - деді Т.Омарбеков.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды