- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да мүгедектігі бойынша жәрдемақыны 494,4 мың азамат алады - ЕХӘҚМ
ҚР-да мүгедектігі бойынша жәрдемақыны 494,4 мың азамат алады - ЕХӘҚМ
«2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 494,4 мың азамат алады. Жәрдемақының орташа көлемі 1999-2013 жылдар аралығында 6,1 есе өсті (3106 теңгеден 19030 теңгеге дейін)», - деп Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлады.
Сонымен, 1999 жылы мүгедектік бойынша төленген жәрдемақы көлемі 13,1 млрд. теңгені құраса, 2013 жылы ол 109,7 млрд. теңгеге жетіп, 8,4 есе көбейгені белгілі болды.
Сондай-ақ, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 184,7 мың азамат алады. Жалпы, 1999-2013 жылдар аралығында аталмыш жәрдемақының көлемі 4,1 есе немесе 4250 теңгеден 17427 теңгеге дейін артты.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында ҚР Үкіметіне 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша берілетін жәрдемақы көлемін 25%-ға өсіруді тапсырды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді