- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстан облысында көкөністерді кептіру өндірісімен айналысатын зауыт ашу жоспарлануда
Оңтүстік Қазақстан облысында көкөністерді кептіру өндірісімен айналысатын зауыт ашу жоспарлануда
«Шымкент Иновация» ЖШС хабарлағандай, басқосу барысында ресейлік өндірушілер көкөніс пен жемістерді кептіру нәтижесінде дайын болатын өнімді өндіру бойынша инвестициялық жобамен таныстырды. ОҚО көкөніс пен жемістер өсіру бойынша бай аймақ болу себебінен, ресейлік компания облыста жемістерді кептіру зауытын салуға тілек білдірді.
Аталған жобаны іске асыру нарықты жыл бойы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өнім ерекшеліктерінің бірі оның құрамында табиғи элементтердің барлығы да толығымен сақталады, ал консерванттар мен басқа да қоспалар қосылмайды. Сондықтан бұл кептірілген көкөністерді экологиялық өнімдер санатына жатқызуға болады.
Әлемдік көрсеткішке сүйенсек, АҚШ-да 20%, Еуропа мемлекеттерінде 16% көкөніс пен жемістер кептіріледі, ал Ресейде бұл көрсеткіш 1 %-ды ғана құрайтыны белгілі болды. Семен Ганичтың пайымдауынша, өңірде аталмыш өндірісті дамыту үшін бар жағдайлар мен мүмкіндіктер бар.Сондықтан да ОҚО Ресей нарығын шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі өңірлердің бірі бола алады.
Сондай-ақ, қалдықсыз өндірісті жүзеге асыру мен дамыту екі жаққа да тиімді болмақ. Сонымен қатар, Ганич мырза зауыттардың құрылысын жүргізудегі консультативтік кеңес беруді және дайын өнімнің 100%-дық сатылымын қамтамасыз етуді компания өз мойнына алатындығын жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру