• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шағын және орта бизнесті дамытпай аймақтарды дамыту мүмкін емес – Е. Досаев

Шағын және орта бизнесті дамытпай аймақтарды дамыту мүмкін емес – Е. Досаев

6 Ақпан, 2014 09:20
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде ҚР ҰКП Призидиумы жанындағы экономикалық сараптамалық кеңестің бірінші отырысында 2020 жылға дейінгі Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының жобасы талқыланды.

Ведомствода хабарлағандай,  министрлік бағдарламаға ұсыныстар пакетін әзірлеуде. ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаев ұсынылып отырған шаралардың бұдан әрі тиімділігін арттыру мақсатында сарапшыларға үкіметпен іске асырылып отырған басқа да бағдарламаларды есепке алғанды жөн санайды.

«Шағын және орта бизнесті дамытпай аймақтарды дамыту мүмкін емес. Сондықтан, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасындағы шараларды Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасымен үйлестіру қажет», - деп ұсынды сарапшыларға Ерболат Досаев.

2020 жылға дейінгі Кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасының басты бағыттарының бірі кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттеу лицензиялау мен рұқсат беру саласын жеңілдету мен жетілдіру болып табылатыны мәлім.

 

Барлық жаңалықтар