- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысындағы құс фабрикасы екі айда 40 тонна өнім өндірді
Ақмола облысындағы құс фабрикасы екі айда 40 тонна өнім өндірді
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, фабрика жұмысының алғашқы айында 75 мың тәуліктік балапандарды басып шығарған. Ал, ағымдағы жылдың қаңтар айында 25 мың бас сойылған.
Инвестициялық жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. Алғашқы орында қонды балапан шығаратын үш кешеннің құрылысын аяқтау - инкубатор мен құсты бауыздайтын цех және астық қоймасы.
Екінші кезеңде төртінші кешеннің яғни, әкімшілік кеңсесі мен гараж салу көзделуде. Ал, жобаның толық қуаттылығына көшу немесе жылына 3 мың тонна тауар өндіру 2015 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған.
Бүгінде кәсіпорында 20 маман нәпақасын айыруда. Осы жылдың көктемінде мұнда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында фабрикаға қажетті инфрақұрылымдарды, жол салу және су тарту жұмыстары басталады.
Отандық өндірісті құру - Елбасының астаналық азық-түлік белбеуін жасақтау тапсырмасын орындау болып табылады. Сонымен қатар, отандық нарықты сапалы қазақстандық өніммен қамтамасыз ету. Мамандардың айтуынша, елімізде осындай ірі кәсіпорынның пайда болуы импорт көлемі мен тауар бағасына оң әсер етеді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі