• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жоспарын қабылдауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жоспарын қабылдауды тапсырды

5 Ақпан, 2014 18:54
ҚР Премьер-Министрі бүгін Ауыл шаруашылық министрлігі қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведомствоға ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жоспарын қабылдауды тапсырды.

«Біздің интеграциялық процестерді тереңдету жағдайында қазір біз өте күрделі жағдайда тұрмыз. Алайда ертең бұл процес одан ары күрделене түседі. Алда келе жатқан Экономикалық одаққа ену, ауыл шаруашылық мәселелері мен өңдеу саласы бірінші кезекте қолға алынады. Қазіргі таңда отандық ауыл шаруашылық өнімдердің ішінде алдағы қайта өңдеуге тек жартысы ғана жарайды. Мысалыға, ет шамамен 30%, сүт 40%, көкеніс пен жеміс-жидеко 4%-дан сәл артық. Бұл өте қанағаттанарлықсыз көрсеткіш», - деді С.Ахметов.

Оның айтуынша, аталмыш мәселені шешу үшін шеберлік жоспары дайындалды. Енді оны қаржылық институттармен қарастырып, жұмыстарды бастап кету керек.

 «Ауыл шаруашылық министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен бірігіп Үкіметке жұмыс уақытын ұсынуды тапсырамын. Ондағы ұсыныстар нақты көрсетіліп, бір рет қана талқылаудан кейін іске кірісуіміз керек», - деді Премьер-Министр.

Барлық жаңалықтар