- Басты
- Жаңалықтар
- С.Ахметов: АӨК қолдаудың жаңа құралдары – ауыл шаруашылығының дамуына жол ашатын революциялық өзгерістер
С.Ахметов: АӨК қолдаудың жаңа құралдары – ауыл шаруашылығының дамуына жол ашатын революциялық өзгерістер
«Биылғы жылдың қаңтар айында ел Президенті «Агробизнес-2020» бағдарламасында қарастырылған мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын іске асыруға негіз болатын заңға қол қойды. Бұл ауыл шаруашылықтың дамуына жол ашатын революциялық өзгерістер болмақ. Осы арқылы қазіргі кезде ұйымдастыру шараларының аяқталғанын және биылдан бастап толыққанды бағдарламаны іске асыру жұмыстарының басталатынын айтуға болады», - деді С.Ахметов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, «бастамасыз, іскерліксіз, патриотизмсіз бұл бағдарламаны іске асыру қиын болмақ».
«Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегиясының маңызды бөлігі ретінде агроөнеркәсіптік кешенді атаған еді. Және саланы инновациялық рельске өткізу туралы нақты тапсырма берді. Сол себепті 2020 жылға дейінгі ауыл шаруашылық даму бағдарламасына өзгерістер енгізуге қажеттілік туындады», - деді Үкімет басшысы.
Бас уәзірдің айтуынша, жалпы, бағдарламаны іске асыру барысы сауықтандырудың қазіргі механизміне айтарлықтай жетілдірулер керек екенін байқатты.
«Қарастырылған бағдарламалардан 300 млрд теңгенің бір жылда бар-жоғы 18,4 млрд теңгесіне ғана қаржыландыру жұмыстры жүргізілген. Ауыл шаруашылық министрлігіне, Экономика министрлігіне Үкіметке тиісті жұмыс уақытын ұсынуды тапсырамын. Ондағы ұсыныстар нақты көрсетіліп, бір рет қана талқылаудан кейін іске кірісуіміз керек», - деді Премьер-Министр.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер