- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2014 жылғы ауыл шаруашылық өнімінің экспорттық болжамы 10 мың тоннаны құрады – А.Мамытбеков
Қазақстанда 2014 жылғы ауыл шаруашылық өнімінің экспорттық болжамы 10 мың тоннаны құрады – А.Мамытбеков
«2013 жылы 4,5 мың тонна шамасында ет және ет өнімдері экспортталды, соның ішінде премиум сыныпты сиыр еті шамамен 300 тоннаны құрады. 2014 жылы ауыл шаруашылық өнімі экспорты болжамы 10 мың тоннаға жетіп отыр», - деді А.Мамытбеков.
Сонымен қатар, 2013 жылы ет өнімі 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1% артып, сүт өнімі 1,5%, жұмыртқа 6,3% көбейген.
Ірі қара малы саны 2012 жылғымен салыстырғанда 1,2%, жылқы саны 1%, құс 2,8% көбейсе, қой-ешкі 0,6%, шошқа 10,5% азайған.
«Аталмыш статистикалық көрсеткіштерді азайтуға дәл осы жануар түрі бойынша идентификация өткізу әсер етті», - деді министр.
2011 жылдан бастап жекелеген шаруалардағы мал басының азаюымен қатар агроқұрылымдарда керісінше мал басының өсу тенденциясы байқалады.
Сонымен ірі қара малы саны агроқұрылымдарда 13,7% көбейсе, қой мен ешкі саны 10,5%, жылқы мен шошқа 11,5%, құс саны 5% артқан.
«2013 жыл қорытындысы бойынша, ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара малы 31%, жеке шаруалар қолында 69% құраған.Салыстыру үшін айта кетейік, 2010 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 18% және 82% пайыз болған. Бұл кәсіби фермерлер санының жыл санап өсіп келе жатқанынан хабар береді, бұл үрдіс еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына оң ықпал етпек», - деді А.Мамытбеков.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда