• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда қаржы полициясы департаменті мен Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық келісімшартын құрды

Алматыда қаржы полициясы департаменті мен Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық келісімшартын құрды

5 Ақпан, 2014 17:00
Алматыда Қоғамдық кеңес отырысында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басшысы Стамбеков Ерлан Даулетұлы қаржы полициясы департаментімен біріккен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында екі жақты меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде қаржы полициясы қызметкерлерімен кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері біріккен жұмыстық топ құрып кәсіпкерлерді қорғау мақсатында жұмыстар  атқаратын болады.Қоғамдық кеңес қатарына Алматы қаласы әкімшілігінің қызметкерлері, 5 бизнес қауымдастығының басшылары және қаржы полициясының басшылары мүшелік етіп тоқсан сайын отырыстар өткізіліп тұрады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту және шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету жайын өз Жолдауында атап өткен болатын.

 Бұндай іс-шаралар Алматы қаласының қаржы полициясы мен жеке кәсіпкерлік арасындағы өзара әрекет етуді нығайту, мемлекеттік органдарының бизнес қызметіне заңсыз араласушылығына байланысты өзекті мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдарын бірігіп құру. Сонымен қатар кәсіпкерлерге шағын және орта бизнестерінің заңды құқықтарын қорғау бойынша Департаментпен қолданылып жатқан шаралар жайында мәліметті жеткізу.

 Бірінші кезекте, қаржы полициясы органдары кәсіпкерлік субъектілерін тексеру  жұмыстарын  мораторий тәртібінде жалғастырып келетінін ескерткіміз келеді. Сонымен қатар, Департаментпен профилактикалық сипатта – мемлекеттік органдар мен мекемелерді қылмысты жасауға себеп болатын себептер мен жағдайларды жою туралы түсінік бере отырып, хабардар ету.

2013 жылы ЭСЖКД қызметкерлері, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің  бизнес қызметіне заңсыз арасалу бойынша отыз үш  факт айқындалды. Заңды кәсіпкерлікке араласу бабы бойынша  екі факт анықталған болатын. Алматы қаласы бойынша қаржы полиция Департаменті аталмыш бағыттар бойынша жұмысты терең әрі ауқымды түрде жүргізбек, сондықтан кәсіпкерлермен жүргізілетін диалогтің мәні айрықша.

Барлық жаңалықтар