- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Қазақстанның өзге елдермен әріптестік алаңының кеңейгенін хабарлады
Н.Назарбаев Қазақстанның өзге елдермен әріптестік алаңының кеңейгенін хабарлады
« Өткен жылдың өзінде ғана елімізге Ресей, ҚХР, Еуропалық комиссия, Ұлыбритания, Индонезия, Испания, Беларусь, Қырғызстан, Түрікменстан, Финляндия, Латвия көшбасшылары келді. Каспий маңы елдерімен бірлескен жұмысымыздың басым бағыттарының бірі – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау. Қазақстан Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция ұйымдастырды. Ол БҰҰ-дан қолдау тауып, Астана экономикалық форумы аясында өтті. Маңызды міндет – Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен, АҚШ және Еуропа Одағы елдерімен достық пен ынтымақтастықты дамыту. Қазақстан Батыс жартышардағы мемлекеттермен, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африкамен ынтымақтастық аясын кеңейтті. Въетнам мен Оңтүстік-Африка Республикасында Қазақстан елшіліктері ашылды. Биыл Эфиопияда, Мексика мен Кувейтте елшіліктеріміз ашылатын болады», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы республикамыз БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүшелігіне сайлау науқанын ресми түрде бастағанын еске салды. Осыған орай, Нұрсұлтан Назарбаев өкілдері қатысып отырған елдердің үкіметтеріне Қазақстанның кандидатурасына қолдауға шақырған үндеу тастады.
Сөз соңында Елбасы патриоттық өнердің ең жоғарғы дәрежесі болғанын және солай қала беретінін мәлімдеді.
«Барлық елшілерге, дипломатиялық миссия өкілдеріне және халықаралық ұйым өкілдіктеріне Қазақстан Республикасындағы игілікті қызметтері үшін алғыс білдіремін. Өз тарапымыздан сіздердің қызметтеріңізге барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз», - деді Н.Назарбаев.
Өз кезегінде дипломатиялық корпус жүйені, Қазақстан республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі М. Бочарников Қазақстан Президентінің халықаралық ұйым өкілдері мен дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуін жоғары бағалайтынын айтты.
ҚР Президенті сөзінің толық мәтіні мына жерден оқи аласыздар.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер