- Басты
- Жаңалықтар
- Жезқазған өңірін дамытудың кешенді жоспары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін 25 млрд теңге қарастыруда
Жезқазған өңірін дамытудың кешенді жоспары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін 25 млрд теңге қарастыруда
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы дәстүрлі өндіру секторының тиімділігін арттыруды тапсырған болатын.
«Жезқазған өңірін дамытудың кешенді жоспары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 25 млрд теңге қарастыруда. Бұл өз кезегінде жер қойнауын пайдаланудың жаңа нәтижелерге жетіп, соның жемісі ретінде өңір жағдайының жақсаруына жол ашпақ.Минералды-шикізаттық базаны кеңейту үшін теңгерімді және теңгерімнен тыс қор, кентірек қоры мен әлсіз қуатты кенді қайта санау жұмыстары жүргізіледі. Оны «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС өз мойнына алмақ», - деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігі.
Өңір дамуының кешенді жоспарында 88 жоба қамтылған. Оның жалпы құны 351,5 млрд теңгені құрайды.
Республикалық бюджеттен Жезқазған ойпаты аумағындағы пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша болашақ жұмыстарды анықтау мақсатында геологиялық-геофизикалық минералдар қорының кешенді сараптамасына қаражат бөлінеді.
Сонымен қатар, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге «Қазақмыстың» 11,5 млрд теңгесі бөлінбек.
Хабарламада айтылғандай, өңірде «Қазақмыс» корпорациясының кен өндіру кәсіпкерлігінің құрылысы жоспарланып отыр. Құрылыстың жүргізілетін жері Жезқазған кен орнынан қашықтағы Жыланды кен орны тобы қоры (Шығыс Сары Оба, Итауыз, Батыс Сары Оба Қыпшақбай мен Қарашошақ).
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі