• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да қазақстанда жасалған жол талғамайтын SsangYong Rodius көлігінің сатылымы басталды

ҚР-да қазақстанда жасалған жол талғамайтын SsangYong Rodius көлігінің сатылымы басталды

5 Ақпан, 2014 11:13
Қазақстанда Қостанайдағы «АгромашХолдинг» АҚ зауыты конвейерлерінде жиналатын отбасылық жол талғамайтын көлік SsangYong Rodius-тың сатылымы басталды.

«Бұл көліктің басты ерекшелігі оның көлемі мен сиымдылығында. Бес есікті Rodius көлігіне 7 кісі еркін сияды. Үшінші қатарда да ыңғайлы отырғыштар бар», - делінген «АгромашХолдинг» АҚ хабарламасында.

Автокөлік заманауи ерекшеліктермен қамтылған. Отандық өнім SsangYong Rodius көлігінің құны 5,45 млн теңгені құрайды.

Айта кету керек, «АгромашХолдинг» АҚ елімізде SsangYong, ZAZ, Peugeot, IVECO коммерциялық техникасы мен ауылшаруашылығы техникасын, соның ішінде «ESSIL КЗС-760», «ESSIL КЗС-740» бидай жинау комбайны мен ПИК-600 комбайнын өндіретін жалғыз өндірістік кәсіпкерлік болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ҚР-да ғылымды қажет ететін экономиканы дамытуға баса мән беру керектігін айтып, сонымен қатар қуатты өңдеуші кәсіпкерлікті құруды тапсырған еді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар