2013 жылы БҚА 171 тергеу жұмыстарын аяқтады - Ғ.Оразбақов

5 Ақпан, 2014 11:00
2013 жылы Бәсекелестікті қорғау агенттігі 171 тергеу жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сұлтановтың қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста агенттіктің төрағасы Ғалым Оразбақов мәлім етті.

«2013 жылы БҚА 171 тергеу жұмыстарын аяқтады. Атап айтатын болсақ, «АМӨЗ» ЖШС бұзықшылықты тоқтату, абоненттердің келісімінсіз қосымша қызметтерді оларға жүктеу бойынша «Kcell» АҚ мен «МобайлТелекомСервис» ЖШС қатысты әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты іс қозғалды. Барлық істер соттың қарауына жіберілген. Ал, «Шымкент Цемент» АҚ мен «Стандарт цемент»ЖШС, «Central Asia Cement»АҚ, «Бухтарминская цементная компания» АҚ және «Цементный завод Семей» ЖШС әрекеттері цементтің бағасын көтермелеу мақсатында жасалған бәсекелестікке қарсы әрекет ретінде қарастырылды», - деді Ғалым Оразбақов.

Агенттік төрағасының айтуынша, нарықтың 2 субъектісі әкімшілік жауапкерлішілікке тартылып, бюджетке 1,6 млн. теңге айыппұл төленді.

Басқа істер бойынша материалдар соттың қаруына жіберілді. 

«Мемлекеттік органдар монополияға қарсы заңнаманың көптеп бұзылуына алаңдаушылық білдіріп отыр.  2013 жылы  44 тергеу жұмыстары жүргізілсе. 2012 жылы бұл көрсеткіш - 24 болды. Нәтижесінде бәсекелестікті шектейтін  монополияға қарсы әрекет ету актілері аталып өтті», - деп ол өз ойын толықтырды.

Айта кетерлік жайт, 2013 бюджетке монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін түскен айыппұл көлемі 250 млн. теңгені құрады.  

Барлық жаңалықтар