- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада қала құрылысының кадастры мәселесі талқыланды
Қызылордада қала құрылысының кадастры мәселесі талқыланды
Өңірлік даму министрлігінде хабарлағандай, кеңестің жұмысына осы мәселеге жетекшілік ететін әкімдердің орынбасарлары, өңірлердегі сәулет және қала құрылысы басқармаларының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Кеңесті ашқан Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев қала құрылысы кадастрын барлық деңгейде жүргізу мәселесінің өзектілігін атап өтті. Қала құрылысы кадастрының негізгі мақсаты қала құрылысы саласында жалпыға қолжетімді электрондық деректер базасын құру және кадастрды жүргізу процесін, қала құрылысы деректерінің мұрағатын автоматтандыру, кадастр саласындағы мамандардың жұмысын оңтайландыру, сондай-ақ, пайдаланушылардың сұранымдарына жедел жауап беру және қала құрылысы құжаттамасын беру болып табылады.
Кадастрдың қазақстандық жүйесін үш деңгейге бөлуге болады: республикалық - республика аумағы; облыстық - республикалық деңгейдегі облыстар және қалалар аумақтары; базалық - әкімшілік аудандар, облыстық орталықтар және елді мекендер.
Республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры 2012 жылғы қазанда тәжірибелік пайдалануға берілген. Онда сәулет-қала құрылысы қызметін сипаттайтын қала құрылысы регламенттері, картографиялық және атрибутивті мәліметтер жинақталған.
Сондай-ақ, Қарағанды және Қызылорда облыстарының тәжірибесінде төменгі деңгейлермен өзара іс-қимыл жөніндегі пилоттық жоба іске асырылды. Осы жоба шеңберінде Қала құрылысы кадастрының Жер кадастрымен ақпараттық өзара іс-қимылы жүзеге асырылды.
Жергілікті атқарушы органдарға жер кадастрының деректерін ұсыну құрылыс үшін және басқа мақсаттарда жер учаскелерін бөлу, ресімдеу және беру кезінде қажет.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен, «Заңды тұлғалар» және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау жүргізілді.
Республикалық деңгейде орталық мемлекеттік органдарға қала құрылысы кадастрымен интеграцияланған салалық кадастрлар мен жүйелердің тақырыптық базалары бойынша ақпарат ұсынылатын болады.
Облыстық және негізгі деңгейлерде Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жобалау жоспарына, құрылыс салу схемасына сәйкес елді мекендердің аумағында жер учаскелерін пайдалану мүмкіндіктерін анықтау; мекенжай анықтамасын беру; тас жолдар және инженерлік желілердің орналасу схемаларын ұсыну; мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді жобалау, салу және пайдалануға беру сатысынан өту рәсімдері туралы ақпараттарды ұсыну бойынша қызмет көрсету жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық геоақпараттық жүйесінде мемлекеттік Жер және Қала құрылысы кадастрларының өзара іс-қимылы мүмкіндігін көздеу шешілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады