- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы «ҚазАгроИнновация» 2,5 мыңнан астам ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерін оқытады
2014 жылы «ҚазАгроИнновация» 2,5 мыңнан астам ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерін оқытады
«ҚР Президенті Н.Назарбаев халыққа Жолдауында Қазақстанның агроөндіріс кешенінің инновациялық бағытқа көшіру қажеттілігін атап өтті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ғылыми білім мен инновацияны тікелей қол жетімді ету үшін және заманауи технологияларды жылдам енгізу үшін білімді тарату жүйесі бойынша «Extension» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба әлемнің көптеген елдерінде танымал», - деді Т. Әбсаттар.
Оның айтуынша, осы мақсатта АҚ ғылыми-зерттеу институтының жанынан Білімді тарату орталығы құрылып, жұмыс істеуде. Ол инновацияны енгізіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді арнайы оқытады.
«Бүгінде біздің ғылым ауылдық ұйымдарымыздың жанынан 10 білімді тарату орталығы ашылды. Болашақта мүндай орталықтар санын 16-ға жеткізу көзделуде. Осылайша Қазақстанның барлық аймақтары түгелдей қамтылып, тауар өндірушілер арнайы оқудан өтіп, сала бойынша инновациялық технологияардан хабардар болып отырады», - деп Т. Әбсаттар хабарлады.
Оның айтуынша 2014 жылы «ҚазАгроИнновация» АҚ 2,5 мыңнан астам ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді оқытып, 2 мың шаруа қожалықта ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге кеңес беру шараларын ұйымдастыруды жоспарлауда.
Айта кетерлік жайт, білімді тарату орталықтары 2009 жылдан бастап құрылып, жұмыс істей бастады. Бес жыл ішінде онда 12 мыңнан астам ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер оқытылды.
«Негізінен біздің басты құралымыз ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге жаңадан білім беру, тәжірибеде жаңа технологияларды пайдалану, ноу-хау енгізу. Сонымен қатар, біздің орталық тарапынан жаңа оқыту құралдары енгізіле бастады. Олар онлайн кеңес беру мен тікелей кеңес беру жұмыстары», - дейді «ҚазАгроИнновация» АҚ білім беру жүйесін дамыту департаментінің директоры.
Т.Әбсаттардың айтуынша, білім беру шығындарын мемлекет өзі көтереді.
«Қазіргі таңда 5 жылдан бері біз ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге 10 мыңнан астам кеңес беру жұмыстарын жүргіздік. Соның ішінде 5 мыңы қашықтықтан кеңес беру болса, қалған жартысы тікелей кеңес беру. Тікелей кеңес беру ауыл шаруашылық кәсіпкерліктерге біздің өзіміздің баруымыз арқылы жүзеге асырылады. Яғни, орталық базасында әр сала бойынша кеңесшілер жұмыс істейді. Олар фермерлерден өтініш алып, тиісті шаруашылыққа барып, онда технологиялық аудит өткізеді. Шаруашылықтың кемшіліктерін де иесіне ескерте кетеді. Осылайша олар кәсіпкерліктерге жетістікке жетудің сырын үйретеді», - дейді Т. Әбсаттар.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді