- Басты
- Жаңалықтар
- Щучинск-Бурабай демалыс аймағын сумен қамту мәселесін шешу үшін биыл 1,2 млрд теңге бөлінеді
Щучинск-Бурабай демалыс аймағын сумен қамту мәселесін шешу үшін биыл 1,2 млрд теңге бөлінеді
Бурабай ауданындағы су құбырларын қалпына келтіру мен кәріз желілері құрылысына және Зеленый бор ауылындағы сумен қамтамасыз ету желілерін жөндеуге 1,2 млрд теңге аударылады. Жалпы демалыс аумағындағы сумен қамту желілері құрылысы бойынша 10 жоба дайындалды. Оның ішіне магистралді су құбыры желілерін салу мен жөндеу және Щучинск қаласындағы кәріз жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары енеді.
Сонымен қатар, Ақмола облысы әкімдігінде айтылғандай, Щучье көлі айналасында орналасқан сауықтыру орындарының кәріз және сумен қамту желілері құрылысы бойынша теңдессіз жоба қолға алынбақ.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда бірде-бір сауықтыру орнында орталық кәріз жүйесі қосылмаған. Аталмыш жоба осы мәселені шешеді деп күтілуде.
Алдағы бірнеше жылда қолға алынатын ірі жобаның бірі Щучинск қаласындағы қазандық пен жылу желілері құрылысы. Биылдан бастап оның техникалық-экономикалық негізі дайындалмақ.Жобаның іске асырылуы қаланың бірнеше ескі қазандықтарын жаңартып, қосымша, атап айтар болсақ «Заречный» шағын ауданында салынып жатқан жобаларды да қамтымақ. Жаңа жылу желілерін салу қарастырылып, сонымен қатар жекелеген ескі қазандықтар жөндеуден өтпек.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген