- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонында Елбасы Жолдауын түсіндіруді бастады
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонында Елбасы Жолдауын түсіндіруді бастады
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов жетекшілік ететін ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонының әскери қызметшілеріне Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндірді.
«Мемлекет басшысының Жолдауы - стратегиялық құжат, еліміздің 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын нақты тапсырмалардан тұратын бағдарлама. Еліміздің кез келген азаматы еңбегімен, жұмыстағы тәжірибесімен тәуелсіз елдің гүлденуіне өз үлесін қосуы керек, - деп атап өтті топ жетекшісі.
Алдағы күндері ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері жергілікті билік органдарының басшылығымен кездесіп, Қарулы Күштермен өзара іс-қимыл ұйымдастыру және жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелерін пысықтайды.
Сондай-ақ, олар әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігімен, олардың отбасыларымен танысады.
Топ құрамындағы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі әскери бөлімдер мен оқу орындарында болып, өз өнерлерін көрсетеді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр