Павлодарда 1 ақпаннан бастап қазақ тілінің тегін курстары ашылды

4 Ақпан, 2014 17:32
Павлодарда 1 ақпаннан бастап қазақ тілін оқытатын тегін курстар ашылды.

«Оқу курстары барлық санаттағы облыс тұрғындарына арналған», - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Оқыту курстары жыл бойы қараша айына дейін өткізіледі. Тыңдаушылар тілді меңгеру деңгейі бойынша бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген деп үш топқа бөлінеді. 

Жалпы, 2013 жылы облыс бойынша 15 мыңға жуық адам оқытылса, оның 2 000 тегін оқыту курстарына қатысты.

Бүгінде Павлодар облысында 17 оқыту орталығы қызмет етсе, оның 11-і мемлекеттік тілді оқытады.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Жолдауда «қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы деп білгеніміз жөн», деп атап өткен болатын. 

 

Барлық жаңалықтар