• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның су секторында жаңа кезең басталады деп күтілуде – Н.Қаппаров

Қазақстанның су секторында жаңа кезең басталады деп күтілуде – Н.Қаппаров

7 Ақпан, 2014 17:25
Қазақстанда су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында су секторында жаңа кезең басталмақ. Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

«Су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарлама дайындалды, енді Президенттің қаулысымен мақұлдануы керек. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама ақырғы келісімді алып, Мемлекет басшысының қол қоюын күтіп жатыр. Алдағы уақытта ол мақұлданып, қабылданылатын болады деп үміттенеміз», - дейді Нұрлан Қаппаров.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама арқасында Қазақстанның су секторында жаңа кезең басталмақ.

«Өйткені соңғы 10-15 жылда су ресурсы басымдылыққа ие болды. Қазірде «жасыл» экономикаға өте тұжырымдамасын дайындауды ескере отырып, су секторының басымдылыққа ие болып отырғанын көреміз. Біз оны дайындаған кезде Қазақстанның алдынан шығуы мүмкін барлық қатерді есептедік. Атап айтар болсақ олар су тапшылығы. Бұл 2040 жылға қарай 12 млрд текше метрді құрайды деп күтілуде», - деді министр.

Министрдің мәліметінше, Президенттің министрлік атына «су ресурстары» деген ұғымды қосуы тегін емес.

«Біз су проблемасы деңгейін биік дәрежеге көтереміз», - деді Қаппаров.

Н.Қаппаровтың айтуынша, су ресурстары комитеті бақылау қызметін атқаратын болады. Атап айтар болсақ ол кәсіпкерліктер арасында су шегін белгілеу.

Жаңа нысандардың құрылысымен ұлттық компаниялар айналысады. Ол өзін-өзі қамтамасыз етіп, активтерге иелік етіп, оларды басқарып, сыртқы қарыздарды тартып, халықаралық компаниялармен бірлескен кәсіпкерліктерді құратын болады.

 

 

Барлық жаңалықтар