• Басты
  • СҚО-да «Балапан» мембағдарламасы аясында шағын орталық қайта жаңғырды

СҚО-да «Балапан» мембағдарламасы аясында шағын орталық қайта жаңғырды

4 Ақпан, 2014 16:45
«Балапан» мемлекеттік бағдарламасының аясында Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка қаласында Е. А: Бөкетов мектеп –гимназиясының жанындағы «Тамшы» шағын орталығы қайта жаңғырды.

Облыстық ішкі саясат  басқармасында  хабарлағандай, мембағдарлама аясында 10 млн теңге бөлінсе, 4 млн теңге аудандық бюджеттен бөлінді.

Мекемеге осыған дейін 25 бала келсе, жөндеуден кейін тәрбиеленушілердің саны 4 есеге өсті. Алаңның үлкеюіне байланысты мектепке дейінгі мекемеге  тағы 15 маман жұмысқа орналасты.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемесімен Сергеевка қаласында 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың 64 пайызы қамтылған.

 

 

 

Барлық жаңалықтар