- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдаудағы инженер мамандарын дайындау мәселесі посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер үшін маңызды - профессор С. Тойғамбаев
Жолдаудағы инженер мамандарын дайындау мәселесі посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер үшін маңызды - профессор С. Тойғамбаев
«Мені, Қазақстан Президентінің инженер мамандарды дайындауға яғни, білікті инженер маманды даярлауға назар аударғаны қатты қуантты. Бұл сұрақ барлығымыз үшін, тіпті, посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер үшін бірдей маңызды десек болады. Ресейдің өзінде инженерлер тапшы», - деп С. Тойғамбаев атап өтті.
Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілінің пайымдауынша, Елбасының халыққа Жолдауында атап көрсеткен міндеттері орындалатындар қатарында.
«Мәселен, кемелді келешек үшін ресейлік астанада оқып жүрген студенттер өз білімін бүгіннен бастап тәжірибе жүзінде пайдалануға әзір», - деп С. Тойғамбаев ағынан жарылды.
Сонымен қатар, оның айтуынша, тұтас салалар өзге де көптеген бағыт арқылы дамиды. Бұл тек «жасыл» технологияға ғана қатысты емес, HI-tech технологиясы саласына да қатысты.
«Дүниежүзілік көрмелер өткен кейбір елдерде әлеуметтік-экономикалық, құрылымдық нәтиже жақсылыққа жетпеді. ЭКСПО өтті, қаражаттың бәрі желге ұшты, бар болғаны сол. Ал бізде барлығы алдын ала есептелінген. Өйткені біз көрмеде іске қосқан дүниелерді кейін қолданысқа енгізіп, оның игілігін 2020-2025 жылдарда-ақ көре бастаймыз», - дейді министр.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық туралы айтқан еді.
«Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық ретінде жасыл экономика мен болашақтың энергиясын құру және іздестіру бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу мен енгізу орталығын құру керек. Назарбаев Университеті жанындағы мамандар тобы аталмыш жұмысқа кірісулері керек», - деген болатын Н.Назарбаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда