• Басты
  • Жаңалықтар
  • Біз ҚР-ның кәсіпорындары біздің электровоздарға қосалқы бөлшектерді өндіруіне қызығушылық танытудамыз- А.Григорян

Біз ҚР-ның кәсіпорындары біздің электровоздарға қосалқы бөлшектерді өндіруіне қызығушылық танытудамыз- А.Григорян

4 Ақпан, 2014 15:26
Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС бас директоры Александр Григорян: «Өндіріс ошағы ҚР кәсіпорындарының қазақстандық элетровоздарға қосалқы бөлшектерді өндіру үшін өндірісті толығымен игеруіне мүдделі.

«Президенттің Жолдаудағы идеясы мен мақсаты қоғамның сенімінен шыға білді. Осы ретте біздің жұмысшы ұжым сол қоғамның бір бөлігі ретінде Қазақстанның өркендеп дамуы үшін аянбай тер төгеді», - деді  А. Григорян.

Оның айтуынша, «Электровоз құрастыру зауыты» кәсіпорны Үдемелі индустриалды-иновациялық даму бағдарламасы аясында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қамқорлығымен салынды.

«Зауытта қалыптасқан көпұлтты ұжым еңбек етеді. Олар Президент идеясының жүзеге асуы жолында тер төгіп, сол жолда барлық ресурс пен жағдайға иелік етеді. Бір ғана мысал, зауытта шет елдің ЖОО білім алып келген 14 маман жұмыс істейді. Соның ішінде алтауы «Болашақ» түлектері. Бұл Қазақстанның жарқын индустриялды болашағынан хабар береді», - дейді А.Григорян.

Оның айтуынша, зауыттың жоғары технологиялық өнімі қазақстандық кәсіпкерліктерге үлкен мүмкіндіктер ашып, метал бұйымдарын дайындаудан бастап күрделі электронды құрылғыларға дейінгі индустрияландырудың заманауи бағыттарын игеруге жол ашады.

«Біз қазақстандық өндіруші кәсіпкерліктермен біздің электровоздарымыздың бөлшектері өндірісін барынша молынан игеруге мүдделі болып отырмыз. 2020 жылға дейін зауытта теңгемен есептегендегі құны 380 млрд теңге болатын KZ8A және KZ4AT электровоздардың 300 данасы өндірілетін болады. Осыған қарамастан, орташа жедел болашақта жергілікті жеткізушілерді дамыту және оқшаулау әлеуеті бұл соманың 50% құрады», - деп  А. Григорян өз ойын қорытындылады.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар