- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да педагогикалық мамандар тапшы
БҚО-да педагогикалық мамандар тапшы
Облыстық білім басқармасы бастығының сөзіне қарағанда, мектептерге біліктілігі жоғары мұғалімдер жетіспейді. Жаңғалы ауданында мұғалімдердің 43% лицензиялық талаптарға сай келмейді. Ал Қазтал ауданында 30%, Теректі ауданында мұғалімдердің 27% бұл талаптардан шыға алмайды екен.
БҚО білім басқармасы бастығы А.Мыңбаеваның айтуынша, орта білім сапасын арттыру үшін алдымен педагогикалық мамандардың біліктілігіне көңіл бөлу керек. Облыста жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің 85,1%-ның жоғары білімі бар, ал республикалық көрсеткіш 87,9%.
Басқарма бастығы білім беру мекемелері басшыларын іріктеу және тағайындау мәселесі де назардан тыс қалмау керек дейді.
«Жалпы білім беретін мектеп директорларының орташа жасы 41-де, ал орташа педагогикалық еңбек өтілі бес жыл ғана. Әрі мектеп басшылары жиі ауысады. 2011 жылы түрлі себептерге байланысты 29 адам жұмыстан босатылса, 2012 жылы олардың қатары 64-ке жеткен. Соңғы екі жылда Ақжайық және Қазтал аудандарында 11 директор ауысты, Тасқала, Теректі және Зеленов аудандарында 10 басшы орнын босатқан. Ал Қаратөбе және Бөкей ордасы аудандарында бұл көрсеткіш 8 адамды құрады», - деп атап өтті А.Мыңбаева.
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Қазақстанда медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі қалай шешіледі -
Журналистерді даярлау: салалық журналистика, кадр тапшылығы, журналистік этика мәселесі талқыланды -
Президенттік жастар кадрлық резерві. Конкурстан өткен жас мамандар қайда қызмет етіп жүр -
Мұрат Әбенов: Дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлілерді тексеру керек -
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: Облыс стационарларында дәрі тапшылығы жоқ -
Мамандар шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтауға шақырады -
Елордалық дәрігер: Президенттік үстеме ақы медицина мамандарын ынталандырады