• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Степногор қаласында ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 12 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған

2014 жылы Степногор қаласында ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 12 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған

4 Ақпан, 2014 14:56
Ағымдағы жылы Степногор қаласында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 тұрғын үйге 250 млн теңгенің жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

«2011-2012 жылдары аталмыш бағдарламаны Степногор қаласында жүргізу аясында  13 көп пәтерлі тұрғын үйге 175,3 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деп Ақмола облысы әкімдігенен хабарлады.

Бұдан басқа, электр энергиясын үнемдеу мақсатында 4 көп пәтерлі үйлерге автоматтандырылған жылу қазандықтары  мен 6 бүкіл үйге арналған есептеуіш құралдар қойылды. Осының арқасында жылу энергиясының 30% үнемделеді.

Ал, Степногор қаласында 2013  жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Степногорск қаласында бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуымен қазынаға қайта қаралуын қадағалайтын  «Степногорск-БЕО»ЖШС іске қосылды.

Орталықтың қызметіне  қомақты қаржының мақсатты жұмсалуы мен олардың қайта қайтарылуын және коммуналдық қызметке төлеу үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

«Бүгінде қаржының 80% қайтарылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асыру аясында өткен жылдың қаңтар айында 350 мың теңге қайтарылды. Биыл бұл көрсеткіш 10 есе артып, 3,5 млн. теңгені құрады», - деп облыс әкімдігінен хабарлады. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар