• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысына ҮИИД МБ мен Индустрияландыру картасы жобаларының жүзеге асуы баяндалды

Мемлекет басшысына ҮИИД МБ мен Индустрияландыру картасы жобаларының жүзеге асуы баяндалды

4 Ақпан, 2014 14:24
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

« Ә.Исекешев Мемлекет басшысына министрліктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары, соның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру және Индустрияландыру картасының жобалары, сондай-ақ биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Ә.Исекешев өнеркәсіптің базалық салаларының өсу қарқыны, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру және индустрияландыру аясында бизнесті қолдаудың негізгі шаралары жайлы хабардар етті.

Қазақстан Президенті өнеркәсіпті, электр энергетикасын, арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамытуды, сондай-ақ шетелдік инвестициялар тартуды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығының жобасын инновациялық қамтылуын ескере отырып, сапалы әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Барлық жаңалықтар