- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда кәсіпкерлерді ғаламтор арқылы оқыту жоспарлануда -А.Мырзахметов
Қазақстанда кәсіпкерлерді ғаламтор арқылы оқыту жоспарлануда -А.Мырзахметов
«Ғаламтор арқылы білім беру өте маңызды. Мемлекет басшысы да бұл туралы айтқан болатын. Шағын кәсіпкерлік ортаға өтуі керек. Бұл жерде басты фактор ақпараттандыру дәрежесін, құзіреттілік пен жалпы білім беру трендін арттыру», - деді А.Мырзахметов.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергісін келтіріп тұрған бірқатар мәселелерді де атап өтті. Осыған орай ҰКП алдағы уақытта шешімін табу үшін жұмыс істейтін түйіні тарқатылмаған мәселелердің реестрін құрумен қазір айналысып жатыр.
А.Мырзахметовтың айтуынша, келешекте аталмыш реестр электронды форматқа ауыстырылатын болады. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің алдарынан шыққан мәселелерді ғаламторға жариялауға мүмкіндік бермек.
«Жекелеген мәселелерді сараптай отырып, біз нақты мәселелерді анықтап, сол мәселені шешу үшін заңнамалық және нормативті базаға өзгерістер енгізу жолын қарастырамыз», - дейді А.Мырзахметов.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта кәсіпкерліктің Жалпыхалықтың еңбек қоғамының мықты экономикалық негізі екенін айтқан болатын. Оның дамуы үшін жеке меншік институтын заңнамалық нығайту бойыша кешенді шешімдер қажет.
ҚР Президенті Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып бастауыш кәсіпкерлерге әдістемелік көмектің тиімді механизмін құруды тапсырды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша