• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да инвестициялық қызығушылықты арттыру үшін «Интерактивті карта» геоақпараттық жүйесі құрылады – ИЖТМ

ҚР-да инвестициялық қызығушылықты арттыру үшін «Интерактивті карта» геоақпараттық жүйесі құрылады – ИЖТМ

4 Ақпан, 2014 12:15
Қазақстанда инвестициялық қызығушылықты арттыру үшін «Интерактивті карта» геоақпараттық жүйесі құрылады. Бұл жайлы бүгін геологиялық саладағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалар бойынша жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясы барысында ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комиететі жетекшісі Базарбай Нұрабаев.

«2014 жылы геологиялық салаға инвестициялық қызығушылықты арттыру мақсатында ҚР ИЖТМ геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің веб-порталында қатты пайдалы қазбалар бойынша бос және бос емес келісімшарт аймақтарының «Интерактивті карта» геоақпараттық жүйесі құрылады», - дейдіБ.Нұрабаев.

Сонымен қатар, «Орта Азия елдерінің геологиялық секторында ақпараттық жүйені жетілдіру мен дамыту» жобасы аясынағы бағыттардың бірі Орта Азия елдерінің Геопорталының құрылуы болды.

«Порталда Қазақстан туралы жалпы мәлімет беріліп, геологиялық ақпараттар, Қазақстанның минералдық-шикізаттық базасы, заңнама, геология саласындағы сараптамалық ақпараттар, геологтарды дайындайтын оқу орындары жайлы және құзіретті органдар жайлы мәліметтер берілген.  

Айта кетейік, аталмыш Геопортал Торонтодағы тау-кен көрмесінде таныстырылатын болады. Аталмыш бағыттың дамуы халықаралық тәжірибені енгізе отырып және әлемдік компанияларды тарта отырып қолға алынбақ.

 

Барлық жаңалықтар