- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ТМРА жанынан тарифтік саясат бойынша қоғамдық кеңес құрылды
ҚР ТМРА жанынан тарифтік саясат бойынша қоғамдық кеңес құрылды
Ведомствода хабарлағандай, кеңестің бірінші ұйымдастыру отырысы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттары Ерсұлтан Бектұрғановтың, Светлана Романовскаяның, Мұхтар Тінікеевтің, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Эльдар Сыздықовтың, Тау-кен өндіру және тау-кен-металлургия кәсіпорындары ассоциациясының атқарушы директоры Николай Радостовецтің, «Қазақстан энергетикалық ассоциациясы» басқармасының төрағасы Шаймерден Оразалиновтың, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық өкілі Елена Попандопулоның және басқа да үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуларымен өтті.
Отырысты аша отырып, Агенттік төрағасы Мұрат Оспанов бұл Қоғамдық кеңес тарифтерді құруда жұртшылықтың рөлін күшейту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде ашықтықты арттыру мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында құрылғанын атап өтті.
«Отырыс тоқсан сайын өтетін болады. Онда біз азаматтардың қызығушылықтарын тудыратын және халықтың барлық топтарын қамтитын тариф құру мәселелерінің қағидалық мәселелерін талқылайтын боламыз», -деді ол.
Отырысқа қатысушылар агенттіктің бастамасына колдау көрсетіп, оны тариф белгілеу мәселелерін талқылауға және бірлесіп шешім қабылдауға арналған тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналдыруды ұсынды.
Агенттік басшысының айтуы бойынша, оның құрамына барлық тілек білдірушілер - көрнекті қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, тәуелсіз сарапшылар, саяси партиялар, салалық қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қауымдастықтар, зерттеу институттары өкілдері мен ғалымдар кіре алады.
«Ол үшін біздің Агенттікке өтініш білдіріп, өзінің қатысуын нақтыласа болғаны. Кеңес табиғи монополиялар саласындағы тариф құрудың басты мәселелері бойынша шешім қабылдаудың қоғамдық орталығы болуы тиіс және оның қызметі БАҚ-та міндетті түрде жарияланып тұруы қажет», - деді М. Оспанов
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды