- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы 1,5 мың қазақстандық дәрігердің тәжірибелік білімі бағаланады - ДСМ
2014 жылы 1,5 мың қазақстандық дәрігердің тәжірибелік білімі бағаланады - ДСМ
«Елбасының халыққа Жолдауы аясында оқу бойынша халықаралық стандартқа, аттестациялау, медицина қызметкерлерін клиникалық тәжірибеден өтуге дайындауға көшу жүргізіліп жатыр. Яғни, біз мамандардың тәжірибелік білімін бағалауға екпін қойып жатырмыз. Жасыратыны жоқ, бізде квалификациялық категорияны беру жүйесі бар. Бұл дегеніңіз міндетті түрде клиникалық тәжірибеге рұқсат беретін сертификатты алу», - деді сөз басында Л. Ахметниязова.
Оның айтуынша, осы жылдан бастам ведомство медицина қызметкерлеріне квалификациялық категорияны беру жүйесін қарастыруда.
«Егер бұл жүйе 2 кезеңмен - тестілеу және сөйлесу бойынша жүргізілетін болса, онда екінші жарты жылдықтан бастап бұл жүйені қайта қарайтын боламыз. Сондай-ақ, біз теориялық және практикалық білімін бағалау мақсатында тестілеуді жоспарлаудамыз. Осылайша біз олардың кәсіби дамуына және сапалы медицина қызметін бағалау жүйесінің жетілуіне түрткі боламыз», - деді ол.
Л. Ахметниязова атап өткендей, бағалау жұмыстары әр аймақта симуляциялық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
«Әр аймақта қажетті техникамен жабдықталған біздің симуляциялық орталықтарымыз жұмыс істейді. Шапшаң медициналық көмек көрсету бойынша мамандар клиникалық тәжірибесін сол орталықтағы қуыршақтар мен адамның денесіне ұқсас пішіндерді пайдалану арқылы көрсетеді және сол арқылы олардың біліктілігі бағаланады», - деді Л. Ахметниязова.
Денсаулық сақтау министрлігімен мамандардың білімін бағалау бойынша өзгерістерге қатысты нармотивті базаны жетілдіру жұмыстары басталды.
«Біз медицина қызметкерлерінің арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастадық. Сондықтанда 2014 жылы клиникалық тәжірибені жүзеге асырып жүрген қазақстандық 1,5 мың дәрігердің тәжірибелік білімі бағаланады», - деп Л. Ахметниязова өз ойын түйді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды