- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы геологиялық барлауды қаржыландыру екі есеге көбейді - Б.Нұрабаев
2014 жылы геологиялық барлауды қаржыландыру екі есеге көбейді - Б.Нұрабаев
«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында геологиялық барлау бойынша геология комитетіне нақты тапсырмалар беріп, міндеттер қойды. Бүгінде геология саласында барлау бойынша Концепция-2030 жасақталып, оның аясында бес жылдық салалық бағдарлама жасалуда. Алғашқы бағдарлама 2010-2014 жылдарды қамтыды. Ал, келесі кезең 2015-2019 жылдарға есептеліп дайындалып, ҚР Үкіметімен мақұлданды. Жақын арада жаңа бағдарлама Үкіметке енгізіледі»,- деді Б.Нұрабаев.
Жалпы, 2013 жылы жер қойнауын пайдалану саласына инвесторлардың есебінен 120 млрд. теңгеден астам қаржы инвестицияланды. Ал, 2010-2013 жылдар аралығында бюджет 20 млрд. теңгедан астам қаржы инвестицияланды.
Б.Нурабаевтың айтуынша, оның ішінде пайдалы қазбалардың ішінде алтынға басымдылық берілді. Инвесторлар есебінен алтынды өндіру 314 тоннаға, бюджет есебінен 11 тоннаға артты. Ал, мыс өндірісі инвесторлар мен бюджеттің арқасында сәйкесінше 1 млн 700 мың тоннаға және 580 мың тоннаға көбейді. Бұл ретте қорғасын, инвесторлардан 481 тоннаға, бюджеттен 259 мың тоннаға артты.
«2014 жылы бюджет екі есе көп қаржы бөлді. Бұл өз кезегінде геологиялық барлау жұмыстарының көлемін көбейтеді. Жаңа техникалық тәсілдердің түрін енгізуді жоспарлап отырмыз. Аэрофизикалық жұмыстарды жүргізуді көздеудеміз. Геологиялық барлау жерді қашықтықтан зондтауды пайдалануды қажет етеді. Бұл жаңа тәсілдер осы жылы енгізілетін болады», - деп ол өз ойын толықтырды.
Комитет басшысының айтуынша, кемшіліктерді ескере келе биыл тендер қаңтар айында жарияланып, енді барлық жұмыстар ақпан айында аяқталатын болады. Егін егу науқаны басталғанға дейін геологиялық барлау саласы бойынша бюджет қаржысын игеру басталады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді