Атырау облысында 2013 жылы 350,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

4 Ақпан, 2014 11:28
2013 жылы жалпы ауданы 350,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде халық қаражаты есебінен берілгені 223,1 мың шаршы метрді құрады.

«2013 жылы есепті мерзім ішінде тұрғын үй құрылысына 21,7 млрд. теңге инвестиция, оның ішінде халық қаражаты есебінен 12,4 млрд. теңге жұмсалды немесе ол 57% құрады», - деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Республикалық бюджет есебінен 60 пәтер, 5 үй жастарға арналса, 14 тұрғын үй қолданысқа берілді.

Жергілікті бюджет есебінен 11 тұрғын үй, 514 пәтер, 31 492,9 ш.м пайдалануға берілді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жолдауында қазақстандықтардың жақсы өмір сүруі басты бағыттардың бірі екендігін атап өткен.

«Қарапайым адамдардың әлеуметтік жағдайы біздің мақсатымызға жеткізетін басты фактор», - деді ҚР Президенті.

 

 

Барлық жаңалықтар