• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы Атырау облысында өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірісі 23%-ға өсті

2013 жылы Атырау облысында өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірісі 23%-ға өсті

4 Ақпан, 2014 10:27
2013 жылы барлық меншік түріндегі өнеркәсiптiк кәсiпорындармен 165,1 млрд. тенгенiң өнiмі өндiрiлсе, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл саладағы өсім 123,2% құрады.

«Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 58,2 млрд. теңгенің, өңдеу  өнеркәсібінде 76,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді», - деп әкімдіктен хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы халыққа Жолдауында Қазақстанда қуатты  өңдеу өнеркәсібін қалыптастыру керек деп баса айтқан.

Сонымен қатар, қала бойынша 1878,2 млн. кВт.сағ. электр қуаты өндірілді немесе 2012 жылмен салыстырғанда ол 104,1% өсті, делінген хабарламада.

Ал, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін нысаналы трансферттер ретінде 976,8 млн. теңге бөлінді.

Басты бағыттардың бірі ретінде кәсіпкерлердің 58,4 млн. теңге болатын өтінімі мақұлданды.

 

 

Барлық жаңалықтар