Жолдауда тұрақты өмір мен гүлденуге апаратын нақты қадамдар көрсетілген

4 Ақпан, 2014 10:20
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында тұрақты өмір мен гүлденуге апаратын нақты қадамдар көрсетілген, дейді Қызылорда облысындағы «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры, «Қазақстанның Еңбек Ері» А.Ералиев.

«Жолдауда айтылған алдағы жұмыстың басым он бағытының бірі агроөнеркәсіптік кешенге қатысты. Мемлекет басшысының айтуынша, осы секторға көбірек инвестиция құю керек. Өйткені азық-түліктің жаһандық сұранысы арта бермек. Себепті фермерлер өндіріс көлемін арттыруға жұмыс істеп, жаңа технологиялар енгізіп, алдыңғы қатарлы әлемдік талаптар бойынша жұмыс істеуі керек», - дейді А.Ералиев.

Оның айтуынша, Жолдауда кәсіпкерлікті дамытуға, оны қаржылық қолдауға, бәсекелестікті арттыруға баса көңіл аударылған. Президент ауыл шаруашылық саласында кәсіпкерліктің дамуына кедергісін келтіріп отырған жағдайларды алып тастауға шақырды және фермерлік коопераия мен жерді тиімді пайдалануға шақырды.

«Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер несиесін сақтандыру мен кепілдендірудің тиімді жүйесін құру керектігін айтты. Қазіргі жағдай бойынша, бұл кәсіпкерлерге үлкен көмек. «Жасыл» экономикаға өту мәселесі де назардан тыс қалмаған. Жолдауда айтылғандай, 2030 жылға қарай егістік алқаптың 15 пайызы су үнемдеу технологиясына ауыстырылады. Сол себепті Мемлекет басшысы аграрлы ғылымды дамытуды шегелей тапсырып, аграрлы-инновациялық кластер құру керектігін айтты. Аталмыш шаралар, сөзсіз, болашақта елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қызмет етіп, қоғамның гүлденуі мен дамуына алғышарт болады», - дейді А.Ералиев.

Барлық жаңалықтар