- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда мемлекеттік қызметкерлерді басқаруды жетілдірудің басымдылықтары талқыланды
Алматыда мемлекеттік қызметкерлерді басқаруды жетілдірудің басымдылықтары талқыланды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте хабарлағандай, семинар жұмысына мемлекеттік органдардың қызметкерлерді басқару қызметі (кадрлық қызмет) жетекшілері, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша аймақтық орталық органдар бөлімшесі, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР БҒМ Экономика институты өкілдері қатысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару бөлімі жетекшісінің орынбасары Алма Құлжамбекова жаңа шарттар бойынша мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару жүйесін жетілдіру туралы баяндама оқыды.
Семинардың мақсаты «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттемелер мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнамасын талқылау.
Шара барысында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырып, тақырыптық мәселелерді талқылау бойынша шағын топтарда жұмыстар атқарылды. Шағын топтар модераторларының таныстыруының нәтижесі бойынша мемлекеттік орган, аудан мен облыс деңгейінде мемлекттік қызмет қызметкерлерін басқаруды жетілдіру бойынша нақты шаралар ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасының жақында ғана жолдаған халыққа Жолдауында еліміздің мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру бойынша басым бағыттар аталып көрсетілген.
2013 жылы ауыл окгрутарының, аудандар, шағын ауылдар мен елді-менкендердің әкімдерінің сайлауы өтті. Олардың атқаратын қызметтері мен штат саны артты және құзыреті өзгертілді.
Бүгінде аудандық және қалалық деңгейде және мемлекеттік орталық органдардың жергілікті бөлімшелерінде бірыңғай кадр қызметі құрылды. Бұған дейін аудан мен ауылдық деңгейде кадр маманы ретінде 5 мың адам жұмыс істеп келген.
Қазірде кадр жұмысын жүйелеу үшін қалалар мен аудандарда 515 адамнан тұратын қызметкерлерді басқару қызметі құрылған.
Айта кетерлік жайт, жаңа заңнамамен мемлекеттік қызметтер саласында тәлімгерлік институтттар, ауысу, іс-тәжірибеден өту, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау және мансапты жоспарлау мүмкіндіктері қарастырылған.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай