- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Нидерланды Королдігінің сыртқы істер министрімен кездесті
ҚР Президенті Нидерланды Королдігінің сыртқы істер министрімен кездесті
«Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ерекше назар аударылды. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапарына ризашылығын білдірді.
«Нидерланды – Қазақстан экономикасына ірі инвестиция салушы әрі Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық серіктесіміз. Біз екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға мүдделіміз. Бұл сапар мемлекеттеріміз үшін маңызды болып саналады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сыртқы істер министрі кездесудің өтуіне жасалғаны мүмкіндік үшін алғысын айтты.
«Алғашқы ресми сапардағы міндетім – Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін Нидерланд Королінің біздің елге келу жөніндегі шақыруын жеткізу. Сондай-ақ, Премьер-Министрмен екіжақты кездесулер жоспарланған. Біз теңізге шығатын және порттық инфрақұрылымдары дамыған ел, ал Қазақстан орасан әлеуеті бар ел ретінде күш-жігер біріктіріп, зор нәтижеге жетеміз деп санаймыз», – деді Ф.Тиммерманс.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы жоспарын іске асыруға Нидерландтың атсалысу ниеті барын атап өтті.
Гаагада өтетін алдағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысты Ф.Тиммерманс ядролық қару салдарынан болатын қасіреттер туралы Қазақстан өзге елдердің бәрінен де жақсы білетініне тоқталды.
«Семей полигоны аумағында ядролық сынақтар жүргізіліп, оның зардаптарымен ұзақ жылдар бойы күресуге тура келді. Қазақстан бұл шараның қаншалықты шығын әкелетінін біледі. Сондықтан бізге қауіпсіздіктің барлық мәселесін сақтауға мүмкіндік беретін тиімді халықаралық жүйе құру керек. Оны сақтау үшін Қазақстан ұстанып отырған бағытты барлық ел қолдайды», – деді министр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты