Қ.Тоқаев Нидерланды сыртқы істер министрімен кездесті

3 Ақпан, 2014 18:40
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Астанаға келген Нидерланды Королдігінің сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен кездесті.

Сенаттың хабарлауынша, тараптар әлемдегі қазіргі жағдай мен екіжақты қатынастың түрлі мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды. Сенат Спикерінің мәліметінше, Нидерланды Қазақстанның Еуропа Одағындағы басты әріптестерінің бірі. Бүгінде екіжақты байланыстың экономикалық және ғылыми-техникалық аспектілері Президент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауындағы міндеттемелерден көрініс тауып отыр.

Өз кезегінде Ф.Тиммерманс Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елінің құрамына ену туралы стратегиясына үлкен маңыз беретінін атап өтті.Нидерланды Қазақстанның баламалы қуат көздері мен ауыл шаруашылық салаларындағы жобаларына ат салысуына мүдделі болып отыр. Гаагада наурыз айында өтетін ядролық қауіпсіздік Саммиттің мазмұнында Нидерланды сыртқы істер министрлігі басшылығы Қазақстанның ядролық қарусыздану мәселесіндегі көшбасшылығын атап өтті.

Кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстан-Нидерланды парламентаралық байланыстары  жайлы өз пікірін айтты. Атап айтар болсақ, Қазақстан голландиялық депутаттар, соның ішінде Нидерланды Сенаты Төрағасы, екіжақты қатынастарды бұдан ары дамыта түсу үшін Астанаға келетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары ЕЫҚҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында екіжақты байланысты тереңдете түспек.

Барлық жаңалықтар