• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Қызылорда облысында «БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 809,6 млн теңге бөлінді

2014 жылы Қызылорда облысында «БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 809,6 млн теңге бөлінді

3 Ақпан, 2014 18:18
2014 жылы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 809,6 млн теңге бөлінді.

«Сондай-ақ, пайыздық үстемақыны субсидиялапу үшін 700,1 млн. теңге, ал, бизнесті ішінара кепілдендіру бойынша - 50 млн. теңге, сервистік қызмет көрсету үшін - 12 млн. теңге бөлінді», - деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Үшінші бағытта «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізі бойында жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің пайда болуы бойынша жоспар жасалған, енді аудандық әкімдіктер нысанның орналасатын жерін анықтауы тиіс.

Сонымен қатар, ШОК-тің дамуын өндіріске бағыттау үшін Қызылорда қаласынан өнеркәсіп алаңы және индустриялық аймақ құрылды. Индустриялық аймаққа қажетті инфрақұрылым желілерін жеткізу үшін республикалық бюджеттен 2010-2013 жылдары 737,6 млн. теңге бөлініп, оның 464,0 млн. теңгесі игерілді. Оның ішінде 94,9 млн. теңге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге, 369,1 млн. теңге құрылыс монтаждау жұмыстарына бағытталды.

Айта кетерлік жайт, 2014 жылы кем дегенде өңірдің 4 ауданында индустриалды аймақ құрылады.  

Сондай-ақ, басқарма жанынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған құрылым құрылады. Ол кәсіпкерлердің жобаларын тікелей бюджеттік қаржыландыру, техникалық-экономикалық негіздеме жасау, жобалық сметалық құжаттама әзірлеумен айналысады. 

Барлық жаңалықтар