- Басты
- Сауал қойылғандардың 90%-ы еліміздегі діни ахуалды тұрақты деп есептейді – ҚР ДІА
Сауал қойылғандардың 90%-ы еліміздегі діни ахуалды тұрақты деп есептейді – ҚР ДІА

Алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова, Қауіпсіздік Кеңес Хатшысының орынбасары - Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі А. Әбдімомынов, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, Дін істері агенттігі, аймақтық дін істері басқармалары қызметкерлері, сонымен қатар діни және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Дін істері агенттігінің төрағасы М. Әзілханов Агенттіктің 2013 жылы атқарған жұмыс қорытындылары мен 2014 жылға арналған мақсат-міндеттері туралы негізгі баяндаманы жасады.
Елімізде орнаған діни жағдайға тоқтала келе, М. Әзілханов оның тұрақты қалыпта әрі тұжырымдамалық (конструктивті) мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастар түрінде дамып отырғанын атап өтті. Агенттік төрағасы 2013 жылы жүзеге асырылған әлеуметтік сауалнама қорытындылары осының айқын дәлелі болып табылады, деп айтты. Атап айтқанда, респонденттердің шамамен 90%-ы еліміздегі діни ахуалды тұрақты деп есептесе, азаматтардың 86%-ы дінаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайтынын білдірді.
Агенттіктің басты қызметі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мен қоғам ішінде толерантты діни сана-сезімді қалыптасыруға негізделеді. Агенттіктің ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауының арқасында жер-жерлерде дін мәселелері жөніндегі 500-ден астам ақпараттық топтардың жұмыстары ұйымдастырылып, олардың құрамына мемлекеттік органдар мамандары, дінтанушылар мен теологтар кірді.
2013 жылы дін мәселелерін ақпараттық-түсіндіру бойынша іс-шаралар жұмысына 1,3 млн.-нан астам адам қамтылып, БАҚ беттерінде дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 7 мыңнан астам түрлі жарияланымдар мен баяндамалар жарық көрді. 2 мыңнан астам интернет-ресурстардың мазмұны сараптамалық талдаудан өткізіліп, олардың ішіндегі 106 сайттар мен 46 бейнематериалдарға теріс сараптамалық қорытындылар шығарылып, олар прокуратура органдарына тыйым салуға шешім шығару үшін жолданды. «Әйел және дін» тақырыбында 7 аймақтық форум өткізілді. Бірқатар жоғары оқу орындарының базасында «Қыз Жібек» клубтары ашылып, оларға қыз балаларға ұлттық салт-дәстүрлер негізінде тәлім-тәрбие беру мақсаттары қойылды.
Агенттікпен «E-islam» ақпараттық-ағартушылық интернет-ресурсы, дін мәселелері жөнінде азаматтарға кеңес беру және ақпарат жинау орталығы ашалып, онын базасында тәулік бойы және тегін жұмыс істейтін «Қауырт желі - 114» республикалық ақпараттық-кеңес орталығы ашылды. 1,5 мың материалдарға дінтану сараптамасы өткізілді.
Сөз соңында М. Әзілханов Агенттіктің 2014 жылға арналған басты міндеттерін айқындап, оның ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында белсенді жүргізілетінін айтты.
Алқа мәжілісінің жұмысын қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова Дін істері агенттігінің мемлекеттік конфессиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша қол жеткізген табыстарын атап өтіп, ведомствоның Қазақстан мемлекеттілігінің зайырлылық қағидаларын күшейту бағытындағы жұмыстарын одан әрі дамыту мәселесіне ерекше назар аудару керектігін айтты. Г. Әбдіқалықова діни экстремиз мен терроризмнің алдын алу аясында Агенттік үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттырудың тетіктерін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында дәстүрлі конфессиялар өкілдерімен қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажеттілігі туралы айтылды.
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
Қазақстан халық партиясы депутаттар тізімін жариялады
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
-
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі

