ККМ көлікті бақылаудың Ахуалдық орталығымен таныстырды

3 Ақпан, 2014 17:20
Көлік және коммуникация министрлігі Ахуалдық орталықты таныстырды. Орталықта автоматтандырылған өлшеу жүйелерінің, көлікті бақылаудың мобильді және қалған тұрақты бекеттердің, сонымен қатар техникалық байқау орталықтарының бақылауы жүргізілуде.

Көлік және коммуникация министрлігінде хабарлағандай, Ахуалдық орталық арқылы барлығы 8 жүйенің бақылауы жүргізіліп тұрады. Орталықтың басты мақсаттарының бірі - автоматтандырылған өлшеу жүйелеріне бақылау жүргізу. Олар автокөлік құралын (АКҚ) тоқтатпай-ақ таразылауға мүмкіндік беретінін еске салған жөн.  Деректер электрондық өлшеу құралдарынан Ахуалдық орталыққа келіп түседі, содан кейін егер АКҚ артық жүк салмағы болған жағдайда автоматты түрде айыппұл есептеледі, ұйғарым қалыптастырылып, АКҚ иесінің пошталық мекенжайына жіберіледі. Бүгінгі күні Қазақстанда осындай 13 арка іске қосылған. Жақын арада олар арнайы рұқсаттамасыз жүріп өткен шетелдік тасымалдаушыларды анықтайды, автокөлік құралының жылдамдық сипаттамаларын тіркейді және техникалық байқаудың бар-жоқтығын тексереді.   

Айта кетейік, республикада осы жүйелерді енгізумен қатар 11 тұрақты бекет жабылды, олардың қалған 5-і жақын арада консервацияланады.

Осы тұрақты бекеттерге, көлікті бақылаудың 32 жылжымалы бекеттеріне де Ахуалдық орталықта тәулік бойы бейнебақылау жүргізіліп тұрады. Мұнда барлығы тіркеледі: АКҚ мемлекеттік нөмірі, инспекторлардың құжаттарды тексеру рәсімдері, өлшеу үдерісінің айқындылығы.   

Сондай-ақ, , жылжымалы бекеттердің жұмысы бейнебақылаудан басқа GPS-навигация арқылы бақыланады. Ахуалдық орталықтың кезекшілері бекеттердің тұрған орны мен қозғалыс бағдарын бақылайды.

Айта кетерлігі, GPS жүйесі Ахуалдық орталықтан тұрақты қалааралық қатынастағы автобустарға диспетчерлік байқау жүргізуге, олардың жылдамдық режимін және кестені ұстануын бақылауға мүмкіндік береді. Әзірше қосымша жүйе қанатқақты жобасы бойынша іске қосылып, 34 автовокзалды, 153 автостанцияны және 25 автобусты қамтиды. Оны 2014 жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Ахуалдық орталықта барлық техникалық бақылау орталықтарында істеп тұрған «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне де тұрақты бақылау жүргізіліп тұрады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар